Күдіктілерді ұстау барысында полицейді пышақтап кетті

412

Бүгін Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көшелерді бақылау кезінде автотұрақ маңында күдікті тұлғаларды байқап, жағдайды анықтамақ болған уақытында күдіктінің біреуі қашпақ болды.

Учаскелік полиция инспекторы сол мезетте артынан қуып, ұстау кезінде күдіктінің біреуі полиция қызметкеріне қарсылық білдіріп, бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Соған қарамастан жаралы полиция қызметкері қолмен күрес әдісін қолданып қылмыскерді ұстады.

Жаралы полиция қызметкері қалалық ауруханалардың біріне жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты ҚР ҚК –нің 1 бабымен «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі