Түркістан облысындағы ең төмен күнкөріс шамасы 24905 теңгені құрады

254

Түркістан облысы бойынша 2018 жылғы 9 айында жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 24 905 теңгені (азық-түлік тауарлары – 13698 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер – 11207 теңге) құрады.

Ең төмен күнкөріс шамасының құрылымындағы ет, ет өнімдері және балықты сатып алуға кеткен шығын үлесі 19,8%, сүт, май өнімдері және жұмыртқа – 14,7%, жеміс пен көкөністер – 11%, нан мен жарма өнімдері және күріш – 7,1%, қант, шай, тұз, майонез және дәмдеуіштер – 2,4%, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер – 45% құрады.

stat.gov.kz