Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімшесінде сарбаздарға арналған танымдық экскурсия өтті. Жас жауынгерлер гарнизондық гауптвахтаның жұмысымен танысып, әскери полицияның күнделікті қызметі мен негізгі міндеттері туралы жан-жақты мәлімет алды.
Әскери өмірде тәртіпке бағынбаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан Шымкент гарнизонының сарбаздары үшін тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Жас жауынгерлер гауптвахтаның қызметімен танысып, әскери полицияның негізгі міндеттері туралы толық ақпарат алды. Мамандар тәртіпті бұзған жағдайда қолданылатын жазалар жайлы түсіндіріп, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды.
ЕРЖАН АҒЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жас жауынгерлерге әскери тәртіп – жай ғана талап емес, әр сарбаздың абыройы мен ел қауіпсіздігінің кепілі екені түсіндірілді. Сондай-ақ заңға бағыну, әскери қызметті адал атқару және құқық бұзушылықтың алдын алу – әрбір әскери қызметшінің басты міндеті екені айтылды».
ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
«Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әскери жарғылар талаптарының маңызын түсіндіру».
Гауптвахта – әскери тәртіпті бұзған әскери қызметшілер уақытша қамауда болатын арнайы орын. Мұнда әскери тәртіпті бұзған немесе соттың не уәкілетті органның шешімімен қамауға алынған әскери қызметшілер белгіленген мерзімге орналастырылады.
ЛАУРА БАБАС






