Úı ANONS Шымкентте жалған матор майы сатылған

Шымкентте жалған матор майы сатылған

Шымкентте танымал автокөлік брендтерінің атауын заңсыз пайдаланып, контрафактілік өнім сатқандар анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша іс материалдары сотқа жолданған. Мамандар мұндай жалған автокөлік тауарлары заң талаптарын бұзумен қатар, көліктің техникалық жағдайына да айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін ескертеді.

 

Шымкенттегі май ауыстыру бекеттерінің бірінде Toyota және Lexus сауда белгілері заңсыз пайдаланылған тауарлар анықталды. Тексеру жұмыстары аталған компаниялардың ресми өкілінің өтініші негізінде жүргізілді. Әділет департаменті қызметкерлері тексеру барысында контрафактілік белгілері бар 615-тен астам мотор майы мен май сүзгісін анықтады.

 

МҰХТАР ӘБДЕЗОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Компания Қазақстан Республикасының аумағында темір құтыдағы мұндай мотор майларын шығармайтынын, сондай-ақ Lexus тауар белгісімен май өндірмейтінін мәлімдеді. Сондықтан бұл өнімдер контрафактілік болып саналады. Осы дерек бойынша Әділет департаментінің қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдарды соттың қарауына жолдады»

 

Тәркіленген мотор майының сапасына сараптама жүргізілген жоқ. Сондықтан оның құрамында сапасы төмен май болуы әбден мүмкін. Мамандардың айтуынша, мұндай өнімді пайдалану қозғалтқыштың мерзімінен бұрын тозуына, майлау жүйесінің бітелуіне, мотордың қызып кетуіне және қымбат жөндеу шығындарына әкелуі ықтимал».

 

Мамандардың айтуынша, мұндай сүзгілер мотор майын тиісті деңгейде тазартпай, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері туралы» заңына сәйкес, құқық иеленушінің келісімінсіз өзгенің сауда белгісін пайдалануға тыйым салынады. Ал мұндай заңбұзушылық үшін әкімшілік, азаматтық-құқықтық, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Нұргүл Жолымбетова