Жылыту маусымы басталды

592

Шымкент қаласында бүгіннен бастап ресми түрде жылыту маусымы басталды. Қала әкімі орталықтандырылған жылу жүйесі мен жеке қазандығы бар мекемелер жылуға қосылсын деген шешім шығарды. Жылуға алдымен бюджеттік мекемелер қосылып жатыр.

Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесінен 1848 көпқабатты үй жылытылады. Сала мамандарының айтуынша бүгінгі таңда 304 үйдің жертөлесіне жылу барып үлгерген. Ал 334 бюджеттік мекеменің 264-і жылуға қосылған. Қалған 70 мекеме күн соңына дейін қосылады деген жоспар бар. Ал жеке қазандығы бар мекемелер 100 пайыз қосылып, қажетті отынмен қамтамасыз етіліпті.

Мамандардың айтуынша бүгінде өңірімізге 5,5 тонна көмір толық жеткізілген, 280 мың литр жағармай қоймада тұрған көрінеді».

Білім мекемелері де жылытыла бастады. Қалада 247 мектеп пен бала бақша бар. Оның 129-ы қатты, 17 -сі сұйық отынмен жылытылады. Қала әкімінің жылыту маусымын бастау туралы шешімі шығысымен барлық мекемелер қазандықтарын қосып үлгерді. Мектеп сыныптарындағы температура 20 градустан жоғары.

Көпқабатты үйлерге қазанның 20- на дейін жылу беріліп бітеді. Оны жылу таратушы «Қуат жылуОрталығы 3» мекемесінің мамандары қадағалайды. Естеріңізге салар болсақ, өткен жылы жылыту маусымы қазан айының 20 жұлдызынан басталған болатын.

Нұрлан Күдерұлы