«7-20-25». Бюджеттік сала қызметкерлеріне 100 жеңілдік сертификаты беріледі

340

Биыл елорда мұғалімдері, дәрігерлері және полиция қызметкерлері үшін «7-20-25» бағдарламасы аясында 100 жеңілдік сертификаты беріледі.

Ал келесі жылы 1 млн. теңге көлеміндегі қаржы 3 мың бюджеттік сала мамандарына табысталады. Бұл туралы бүгін баспасөз өкілдерімен өткен кездесу барысында «Баспана» ипотекалық ұйымының» департамент директоры Қанат Әбдіраиманов мәлімдеді.

Бүгінде еліміз бойынша «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 5 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Осылайша 37 млрд. теңгені құрайтын 3 мыңнан астам өтініш мақұлданды. Жаңа жобаға қатысушылар саны бойынша Астана, Алматы және Маңғыстау облысы көш бастайды. Алайда қазір бағдарламаны қарқынды жүзеге асыру үшін жаңа тұрғын үйлердің аздығы кедергі келтіріп тұр дейді сала өкілдері. Өзекті мәселені шешу мақсатында тұрғын үй құрылысына қосымша 150 млрд теңге қаржы бөлінбек. Сонымен қатар, «Баспана хит» бағдарламасы бойынша 80 өтініш келіп, оның 30-ы мақұлданды.

                                                                                             Ақпарат көзі: «Хабар24»