Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК KZ-CERT Компьютерлік қатерлерге әрекет ету қызметі алаяқтық сипаттағы mulhervaidosa интернет-ресурсының анықталғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталмыш жағдайды талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, https://mulhervaidosa.info/posobie/ парақшасының келесідей мәтіндік хабарламасы бар: «1991 жылдан 2018 жылдар аралығында еңбек еткен «ӘСМҚ» АҚ» қызметкерлері «Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан» 560 мың теңге алуға құқығы бар. Осы жәрдемақыға құқығы бар адамдардың тізімінде сіздің атыңызды бар-жоғын тексеріп алыңыз» Осындай ақпарат таратылған», — делінген хабарламада. Ведомстводан хабарланғандай, алаяқтар мобильді мессенджерлер мен электронды пошталар арқылы WhatsApp мессенджерімен бөлісу жолымен ақыға ие болу үшін mulhervaidosa.info/posobie/# интернет-ресурсында сауалнамадан өтуге шақырған.
Осы хабарлама таратылғаннан кейін қатысушыны әртүрлі интернет-ресурстарға бағыттап отырған. Қолданушыға тек видеорликті көру ұсынылады. Ал ол роликке қолданушы «офертаның шарттарымен келіскен» жағдайда ғана кіретін болған. Видеоролик қосылып кеткеннен кейін қолданушы «Видеоприколы» қызметіне автоматты түрде тіркеліп кетеді де, ол офертаның төменгі жағында жазылғанындай күніне 50 теңге тариф төлеуге міндетті болып қалған. Қызметті алып тастау үшін міндетті түрде «stop» батырмасын басу керек.
Осыған байланысты KZ-CERT белгісіз пошталардан келетін күдікті хаттарды сұрыптауға шақырады. Ведомстводн ескертілгендей, алаяқтық жағдайы анықталған күнде 1400 нөміріне хабарласуға болады.