Арнайы жасақ қызметіне үміткерлер жинауда

862

Астана қаласы полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметіне үміткерлерді іріктеу жарияланды, деп хабарлайды astana.gov.kz. Қазақстан Республикасының азаматы, Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер арнайы жедел әрекет ету жасағының (АЖӘЖ) қатарында қызмет ету үшін конкурсқа  түсе алады.

Үміткердің денсаулығы мықты, физикалық тұрғыдан дайындығы жоғары болуы керек. Ер азаматтардың жасы 30-ға дейін, білімі орта, кәсіби орта, «заңгер» және «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білімді болуы шарт. Бойы 178 см кем болмауы тиіс.

«Біздің бөлімшеде жұмыс істесеңіз, сізді тұрақты жалақы, ведомстволық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігі, қызметте өсу күтіп тұр. Жаңа қабілеттерге ие болып, көп нәрсені үйренесіз», – делінген Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.