Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасында сауда-саттықты ресми түрде бастағалы отырмыз. Осы оқиғаның ұлттық валютамыздың, осыдан 25 жыл бұрын енгізген теңгеміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отырғанының маңызы бар. 25 жыл бұрын теңгемізді енгізіп, Қазақстанның нағыз экономикалық қаржы тәуелсіздігін орнықтырған болатынбыз», — деді шара барысында Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд долларға жеткенін, экономикамыздың орнықты дамып келе жатқанын баса айтты.