Úı ANONS Астанада LRT сынақтан өте бастады

Астанада LRT сынақтан өте бастады

фото baq.kz

Астанада бүгіннен бастап жеңілрельсті көлік жүйесін сынақ режимінде пайдалану басталды. Онда инфрақұрылымның техникалық дайындығы, қозғалыс қауіпсіздігі және жолаушылар үшін қолайлылығы тексеріледі.

LRT әзірге жүргізушісіз қозғалады. Сынақ барысында мамандар рельстерді, станцияларды, байланыс желілерін, жылжымалы құрамды, қауіпсіздік пен қозғалысты басқару жүйелерін тексереді. Қызметкерлерді дайындауға, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға және басқа көлік түрлерімен интеграциялауға ерекше назар аударылады. Жабдық пен инфрақұрылымды кешенді сынау кемінде алты айға созылады.

Орынбасар Ағыбаев, City Transportation Systems ЖШС басқарушы директоры: «GoA4 – рельсті көлікті автоматтандырудың ең жоғары деңгейі, Бүгінде GoA4 Сингапурде, Дубайда және Қытайда енгізілген. Астана бұл жүйе іске қосылар алдында кезең-кезеңімен тексеріп, қауіпсіздігі расталған соң ғана толық қолданысқа береміз».