Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде білім олимпиадасы өтті

395

Шымкент жоғарғы педагогокалық колледжінде мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі олимпиада өтті. Облыстың жүзден астам оқушысы білімдерін практика жүзінде байқап көрді. Жеңімпаздарға аталған колледж қабырғасында білім алуға жеңілдік беріледі.

Үштілділікке үндеген Шымкент жоғарғы педагогикалық колледжінде білім сайысы өтті. Дәстүрлі олимпиадаға 9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бақтарын сынады. Бұл сатыдан өте алғандар қазақ тілінің латын қарпі туралы эссе жазатын болады.

Гульнар Ибрагимова, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің директоры: «Бүгін біз олимпиаданың 10 жылдығын атап өтудеміз. Білім сайысын қалалық білім бөлімімен жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Бүгінде ең маңызға ие тақырып, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Негізгі басым бағыт та осы».

Қатал да әділ қазылар қатысушылардың білімін таразыға салады. 9-сынып оқушысы Шыңғыс Ерубайдың да жеңістен үміті зор. Мұндай білім сайысына бірінші рет қатысып жатқан ол Шымкент жоғарғы колледжінде білім алуды ойға алған.

Шыңғыс Ерубай, олимпиада қатысушысы: «Бұл сайысты бір айдай уақыт күттім. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне тереңдей ден қойдым. Колледж де маған ұнады. Басқа колледждерден қарағанда мәдениеті ерекше».

Жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етіледі. Бірінші орын иесіне колледжде тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Екінші және үшінші жүлдеге қол жеткізгендер 50 және 30 пайыздық сертификаттарға ие болады. Осылайша Шымкент жоғары колледжі талантты да оқымысты балаларға қолдау көрсетіп келеді.

Шымкент жоғарғы педагогикалық колледжі он жылдан астам уақыттан бері білім беру, юриспруденция, техника және сервистік қызмет көрсету салаларына білікті маман дайындап келеді. Жоғарғы білікті педагогтар мен мықты материалдық техникалық базаның арқасында еңбек нарығына қажетті мамандар түлетуде.

Лиц № KZ 66 LAA 00010362, ОҚО білім саласын бақылау департаментімен 2.11.2017 берілген.

Жанар Есенбекова