Шымкенттік модельдер Оңтүстік Кореяда ұлттық киімді паш етті

630

Қараша айының 3-4 аралығында Оңтүстік Кореяда «Incheon International Single-media Festival» фестивалі өтті. Оған Қазақстан атынан шымкенттік қос модель шақыртылған болатын.

Ниязбек Əйгерім мен Алентаев Нұрсұлтан Шымкенттегі «SULUMODELS» сəн агенттігінің модельдері. Дәл осы модельдерді шет елдік сәнгерлердің шақыртуы тегін емес. Өйткені бұған дейін де, Оңтүстік Корея елінде өткен Asia Model Festival-ға арнайы іріктеуден өтіп, қатысып келген болатын.

 

 

 

 

 

Аталған фестивальдің 2015, 2016, 2017, 2018 жылдарының қатысушылары әлемнің әр бұрышынан жиналып, өз елдерінің ұлттық киімдерінде подиум төріне көтерілді.

«Incheon International Single-media Festival» фестивалі Оңтүстік Кореяда,  Инчеон қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған дүние жүзінен 22 елінен 36 модель қатыстырылды.

 

 

 

 

 

Қазақстан атынан шақыртылған шымкенттік Нұрсұлтан Алентаев 19 жасынан бастап «SULUMODELS» сəн агенттігінің моделі. «Face of central Asia» сəн салтанатына 2015 жылы қатысып, кейіннен Сеул қаласында өткен Asia Model Festival-дің ақтық мəресіне арнайы шақыртылған болатын. Айғаным Ниязбек те «SULUMODELS» сəн агенттігінің моделі. Сымбаты мен көркі келіскен Алтынай М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті. Айғаным Ниязбек «Шымкент аруы-2018» титулының иегері.

Жанар Есенбекова