Ұлттық экономика вице-министрі «Болашақ» бойынша Гарвардқа оқуға түсті

408

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мадина Жүнісбекова «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Оның есімі жақында шыққан степианданттар тізіміне іліккен деп хабарлайды NUR.KZ.

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі желіде 2 күн бұрын жарияланды.

Онда барлығы 71 адамның есімі жазылған. Соның ішінде 28-ші қатарда Ұлттық экономика вице-министрі Мадина Жүнісбекова тұр.

Tengrinews.kz мәлім еткендей, Халықаралық бағдарламалар орталығы аталмыш ақпаратты растап отыр.

Енді Мадина Жүнісбекова АҚШ-тағы Гарвард Университетінің Джон Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде білім алады.

Айта кету керек, ол бір жылдық оқуға министрліктегі қызметіне тағайындалмас бұрын тапсырған екен. Алайда, жұмысына қатысты оны біраз уақытқа кейінге шегерген.

Еске салсақ, Мадина Жүнісова Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап кіріскен. Шенеунік қазір 31 жаста және осы уақытқа дейін бірнеше жоғары оқу орындарында білім алған.