Балалар алаңшасы пайдалануға берілді

410

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала әкімі – Ғабидолла Рахматоллаұлының қатысуымен Әл Фараби ауданы аумағында орналасқан «Қарасу» шағынауданы №1,3,54 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында балалар ойын алаңшалары ашылып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары салынған балалар ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасына өз ризашылықтарын білдіріп, қуанышқа бөленді

Ағымдағы жылы Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін негізге алып және тұрғындардың сын-ескертпелерін ескере отырып, бүгінгі таңға дейін абаттандырылмаған 22 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді.

Жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған.