Көктерек кентінде спорт кешені ашылды

742

Сарыағаш ауданындағы Көктерек кентінде замауи үлгідегі «Асылхаус – Спорт» – Нұрлан Сыздықов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Қ.Абдуалиев, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, Көктерек кентінің әкімі У.Тұржанова, кәсіпкер М.Қошқаров және кент тұрғындары қатысты.

«Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде осындай әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Соның бірі бүгін пайдалануға беріліп отырған спорттық сауықтыру кешені. Өскелең ұрпақтың дені сау, заман талабына сай қабілетті болып өсуіне мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ендігі кезекте Көктерек кентінің жас жеткіншектері осы кешенде жаттығып, ел абыройын асқақтады деген сенімдеміз – деді Қ.Абдуалиев

Нұрлан Сыздықов атындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешені «Ауылым алтын бесігім», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Көктерек кенті тұрғындарына Қошқаровтар отбасының сыйы.

Жоба – кәсіпкер, әрі өнер қолдаушы Нұрлан Ертайұлының (16.08.1964 -16.02.1999ж.) құрметіне аталған. Аталған кешен заманауи кіші футбол алаңы мен жүгіру жолы, әмбебап көше тренажерлары, теннис үстелі, 2 әмбебап киім ауыстыратын бөлме, спорт жабдықтарын сақтауға арналған бөлме, 2 минералды суы бар субұрқақ және де полимерлі еденге орнатылған орындықтар, түңгі уақытта жарықтандыруы мен қазіргі заманғы беріктігі жоғары тентпен тартылған шатырмен жабдықталған. Кешенге күнделікті (дүйсенбіден басқа) келіп спортпен шұғылдануға болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі