Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік эссе анықталды

348

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар ұйымының рөлі» тақырыбындағы үздік эссе байқауын өткізді.

Байқауды ұйымдастырудың мақсаты – кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының білім алушыларында белсенді азаматтық ұстаным мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні байқау қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.

Қазылар алқасының құрамында Департамент және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының басшылығы, Арнайы мониторингтік топ мүшелері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері болды.

Қазылар алқасының төрағасы, Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов осындай іс-шаралар білім алушыларда қоғам өмірінің жағымсыз әлеуметтік құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне өзбетінше баға беру қабілетін қалыптастыруға ықпал ететінін, сондай-ақ білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратынын атап өтті.

Финалда 13 студентке эссе жұмыстарын қорғауға мүмкіндік берілді.
Байқау қорытындысы бойынша І-орынды №6 колледж студенті М.Ілесова; ІІ-орынды Ә.Қастеев атындағыөнер және дизайн колледжінің студенті А.Сырлыбаева; ІІІ-орынды – политехникалық колледждің студенті Л.Әмірбек иеленді.

Іс-шара соңында байқау жеңімпаздары марапатталды.