Шымкенттік жасөспірім қарызының орнына скутерді ұрлап кетті

320

Шымкенттік жол-патрульдік полициясы скутерді ұрлап мініп кеткен ұрыны құрықтады. Оқиға демалыс күндері орын алған. Белгісіз біреу үйдің ауласына ұрланып кіріп, сарайда тұрған скутерді ұрлап кеткен. Жоғалған затын шар ұрып жоқ іздеуші тез арада тәртіп сақшыларына хабарласқан.

Жол-патрульдік полициясына жылдам хабар салынды. 939 эксипаждағылар ұрыны уақыт ұзартпай қолға түсірді. Құжаттарын тексермек болғанда жоқ болып шықты. Ұры 17 жасар жасөспіріпм болып шықты. Ол ұялмастан өзінің қалай ұрлық жасағанын айтып берді.

Жасспірімнің айтуы бойынша скутер иесі оған 17 500 теңге қарыз боп қалған. Сол қарызының орнына скутерді мініп кеткен. Алайда скутердің иесі ешқандай да қарызы жоқтығын мәлімдеп отыр. Тіпті тәртіп сақшыларына ұрыны танймайтындығын айтты. Ұрыны да, скутердің иесін де тәртіп сақшылары Қаратау аудандық полиция бөліміне жеткізді. Аталған жәт бойынша сотқа дейінгі тергеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.