Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңесі құрылды

338

Түркістан облысының прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңесі құрылып, өз жұмысын бастап кетті.

Оның құрамына Кеңес алдына қойылған міндеттерді өздерінің кәсіби шеберлігі мен тәжірибесінің арқасында шешіп, жемісті жетістіктерге қол жеткізетін, белсенді азаматтық ұстанымдағы қоғамның көрнекті қайраткерлері мен беделді мамандары енді. Оның ішінде: депутаттық құрамның өкілдері және ғылыми қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпараттар қызметкерлері бар.

Консультативтік кеңестің төрағасы болып Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәуленқұлов Жеңісбек Мәуленқұлұлы және оның орынбасарлары Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Бердібеков Ержан мен «Южный-Казахстан» газетінің бас редакторы Лимаренко Марина сайланды.

Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – Елімізде заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттің құқықтық саясатын жүргізуге көмек көрсету, прокуратураның үкіметтік емес ұйымдары мен тұрғындары арасындағы өзара қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру болып табылады.

Бұл Кеңес прокуратураның қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтардың бостандықтары мен құқықтырын қорғау кепілдігін нығайту, Заң мәртебесінің үстемдігін қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді шешуде қолғабыс тигізу мақсатында шақырылған.

Бұл институт қоғамды толғандыратын күн тәртібіндегі келелі мәселелерді шешу мен құқық қорғау жүйесіне азаматтардың сенімін арттырудағы пәрменді механизмі болу үшін құрылған.

Кеңестің бірінші отырысында-ақ аймақтың өзекті мәселелері талқыланып, мәселелерге терең талдау жүргізіп, шешімін табу үшін 2019 жылдың 1-жарты жылдығында тексеру іс-шараларын өткізу мүмкіндігін қарау ұсынды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Консультативтік кеңестің ережесі бекітілді.
Анықтамалық: Түркістан облысының прокуратурасы жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің құрамы:
Мәуленқұлов 1. Мәуленқұлов Жеңісбек Мәуленқұлұлы – Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы;

2. Бердібеков Ержан Сәкенұлы – Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары;
3. Жамалбек Шәріпбек – Түркістан облыстық мәслихат депутаты;
Жамалбекұлы 4. Әбіш Дулат Назарбекұлы – Түркістан облыстық мәслихат депутаты;
5. Балабиев Қайрат – Түркістан облыстық мәслихат депутаты;
6. Рахымұлы Хашимжанов Икрам – Облыстық Өзбек этномәдени Акрамұлы қоғадастығының төрағасы;
7. Лимаренко Марина Анатольевна – Өзбек драмалық театрының директоры «Южный-Казахстан» газетінің бас редакторы, Славян мәдени орталығының төрайымы
8. Султанов Юлдаш Шадыбайұлы – Түркістан облыстық тәжік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы;
9. Қаржауов Олжас Есалханұлы – Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры;
10. Бекжанов Берік Айдарханұлы – Түркістан облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
11. Сәрсен Садуақас Тұрашұлы – Прокуратура органының ардагері;
12. Жүсіпова Ғалия Жүсіпбекқызы – «Аналар үйі» қоғамдық қорының аймақтық өкілі.

Түркістан облысының прокуратурасы