1 қаңтардан бастап бензин тегін болады

1776
elitar.kz

Тек Қытайда, бізде емес. Ол елде коммунизм дәуірі басталғандай…
Қытай билігі 1 қаңтардан бастап елдің барлық өңірлерінде халыққа арналған тегін жанармай пайда болатынын нақтылады, деп хабарлайды elitar.kz. 2018 жылы мұндай норма тәжірибе ретінде екі провинцияда жүргізілген болатын.

Реформаға дайындыққа 3 жыл уақыт жұмсалды.

Қазіргі заң бойынша Қытайдың барлық азаматтары, шенеуніктерді қоспағанда, әр ай сайын 150 литрге дейін тегін бензин ала алады. Алдағы уақытта бұл мөлшерді 200 литрге дейін ұлғайту көзделуде. Есеп карточка бойынша жүргізіледі. Ал жанармай құю бекеттері премиум-класты машиналар, лимузиндердің иелеріне жанармай құюдан бас тарта алады.

«Табиғат байлығы халыққа тиесілі және оны кез келген көлемде пайдалана алмайды деп ойлау қылмыс болар еді. Бұл кез келген қалыпты үкіметтің, кез келген әділ азаматтың логикасы», — деп мәлімдеді биліктегі Компартияның баспасөз қызметі.