Шымкентте аудан әкімдерінің 2018 жылда атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есебі жалғасуда. Бүгін Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтің қорытынды есепті жиынына қала әкімі қатысты.
Қоғамдық көліктің қызметіне қатысты сын-ескертпелерді мұқият тыңдаған қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қалалықтарды бір қуантты.
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Сіздердің көтерген мәселелеріңізге қанықпын. Көлік компанияларының қызметіне қатысты арыздар көп, оны ескере отырып біз Шымкент қаласында муниципалды көлік паркін ашуды жөн көрдік. Қалаға 1000 автобус сатып алмақпыз. Олардың 300-і жақын арада әкелінеді, ал қалғаны қараша айында жеткізіледі. Биыл қоғамдық көлік мәселесін шешеміз. Кешкі уақытта жүру, қызмет көрсету сапасын арттырамыз».
Шынар Оразова