Әскер барыстары анықталды

457

«Оңтүстіктің» әскер барысы Шымкент қаласында анықталды. Аламанға Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының оғландары жиналған. Палуандар алдымен ортаға ерекше қошеметпен шақыртылды. Одан соң жеребе арқылы өз кезектерін анықтады. Айта кетейік, келген әскери палуандардың барлығы тек бөлім жеңімпаздары. Арасында әзірге ел жүйріктері жоқ.

Сабыр Бегімқұлов, жарыстың бас төрешісі: «Шымкент қаласында Оңтүстік өңірлік әскерлер қолбасшылығының әскери бөлімдер арасында ұлттық спорт түрі қазақ күресінен іріктеу турнирін өткізгелі жатырмыз. Бұл турнир 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең оңтүстік әскри бөлімдерінде өткізілді».

Оңтүстіктің 10 бөлімінен келген саптағы әскерилердің жалпы саны 20. Түйе балуандардың бұл жарыстағы 2-ші кезеңі. Ал, 3-ші кезеңде қарулы күштер өзара мықтыны анықтайтын болады. Жүйріктер содан кейін ғана республикалық әскери барыста белдеспек. Айта кетейік, өткен жылғы жарыс нәтижесінде жерлестеріміз үшінші орынды қанағат тұтып, бәсекені аяқтаған.

Ғалымжан Жанкеев, жарыс қатысушысы: «Жарысты атап өтетін болсам, қарсыластар жақсы дайындалған. Оларға да сәттілік тілеймін. Күрес түрімен 6-сыныптан бастап айналысамын. Содан бері қарай Қазақстан чемпионаттары, дзюдодан күрескенмін. Әскер барысына осымен екінші рет қатысып отырмын. Бұл жерде ең үлкен қарсыластар Жуалының балуандары».

Сонымен 1 күнге жалғасқан турнир нәтижесінде Тараз қаласының намысын қорғаған Абылай Табанов алтыннан алқа тақты. 28903 әскери бөлімінің лейтенантынан кейін қызылордалық Бекзат Тәліпов жайғасты. Ал, үшінші орынды Отар кентінің аға лейтенанты Болат Махамбет еншіледі.

Назерке Үкібасова