«Әскер барысы» анықталмақ

491

Шымкентте Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери әуе күштері курсанттары мен әскери қызметшілері арасында «Әскер барысы» сайысына іріктеу турнирі өткізілуде.

Еліміздің түкпір түкпірінен келген 20 әскери қызметкер жарыстың көрігін қыздырды. Іріктеу турында жеңіске жеткендер ақтық сынға қатысатын болады. Білекті де жүректі әскерилер өздерінің топ жаратындарына сенімді.

Негізгі жарыс 9 және 12 наурыз аралағында 10/216 әскери бөлімінде өтетін болады.