Шымкенттегі серіктестікте 210 заңсыз келімсек ұсталды

345
фото The Qazaq Times

ІІМ Криминалдық полиция қызметкерлері Қытай және Өзбекстан азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

31 қаңтар күні Шымкент қаласында өткізілген арнайы операция барысында бір жеке серіктестік аумағынан 137 Өзбекстан және 73 Қытай азаматы ұсталды.

Қытай азаматтары транзиттік әуе рейстерімен еліміздің аумағына заңсыз енген. Қазіргі уақытта оларды еліміздің аумағынан шығару мәселесі шешілуде.

Бұл заңсыз көші-қон каналын аталған серіктестіктің басшылары болып табылатын екі Қытай азаматы және Қазақстан азаматшасы ұйымдастырған. Олардың бәрі ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған қоса, Алматы қаласында елімізге заңсыз келген 9 Қытай азаматы тұтқындалды, оларға еліміздің азаматтары жол көрсетіп отырған.

Шетелдіктер сот шешімі бойынша елімізден шығарылып, оларға Қазақстанға қайта келуге тыйым салынды.

Жанар Есенбекова