“Домбыра Party” шарасы өтеді

277

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.

Аталмыш мерекеге орай, Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент Арбатында сағат 19:00-де Домбыра Party шарасы өтпек.

Домбыра Party – қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру мақсатында қолға алынып отыр.