Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, «Әзірет-Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық — мұражайының археологиялық және сәулет ескерткіштерімен танысты.
Сапар барысында Мемлекет басшысын мәдени нысандардағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы және мұражай-қорық аумағын жақсарту туралы хабардар етті.
Бұдан басқа, Қазақстан Президенті облыс әкімдігінің әкімшілік ғимараттарының, Оқушылар сарайының, Туристік колледждің, Астана алаңының, Музыкалық фонтанның, Сервистік орталықтың құрылысы туралы баяндаманы тыңдады.