Мемлекет басшысы Шымкенттегі тоқыма кәсіпорнының жұмысымен танысты

311

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі «AZALA Textile» ЖШС-де болды. Өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарын өңдеу және тігін бұйымдарының технологиялық процестерімен танысты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне сапар барысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының базасында жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындар туралы ақпарат берілді.

Олардың қатарында кілем және кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС-і, шұлық шығаратын «Әлем-BT» ЖШС-і, «PC AGF Group» ЖШС тігін фабрикасы, аяқ киім шығаратын «JV Lux shoes» ЖШС –і және сүлгі өндіретін «Тұмар Текстилл» ЖШС-і бар.