Түркістан қаласының полицейлері шетел азаматының жоғалған төлқұжатын тауып берді

169

Түркістан қаласының тәртіп сақшылары бірнеше күн ішінде Түркия азаматының Наурыз мерекесінде қала алаңында жоғалтып алған төлқұжатын тауып берді.

Кеше Түркістан ҚПБ-ның кезекшілік бөліміне университет студенті, Түркияның азаматы арызданды. Жас жігіт 22 наурыз күні қала алаңында жеке басын куәләндыратын құжатын жоғалтып алғандығын айтады. Жергілікті полицейлер бірнеше күн ішінде құжатты тауып, заңды иесіне қайтарды. Шетел азаматы Енес «Төлқұжатым табылмаған жағдайда елшілікке хабарласып, құжат жасатамын деп, ары бері жолыма қаражат жұмсап бірнеше ай бойы оның дайын болғанын күтіп уақыт жоғалтар едім» дейді.

22-жастағы Енес Хенки Түркістан қаласының полицейлері құжатын таптық деген сәтте қатты қуанғанын жасырмай айтты. Жас жігіт Түркістан облысының оның ішінде Түркістан қалалық ПБ-ның Көші-қон қызметі полицейлеріне арнайы алғысын білдірді.

Өз кезегінде Түркістан қаласының полицейлері шетел азаматына болашақта жеке құжаттарын өзімен бірге алып жүрген сәтте абай болып, сақтанып жүруіне кеңес берді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі