Úı ANONS 21 шетел азаматына тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күші жойылды

21 шетел азаматына тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күші жойылды

Фото: depositphotos.com
Шымкент қаласында «Резеңке пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және нақты тұру фактілері бойынша көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматтарының және елімізде тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтарының тіркеу талаптарын сақтауын тексерді.
Тексеру нәтижесінде 66 мекенжайда 433 адамның тіркелгені анықталды. Заң талаптарын бұзу фактілері бойынша 334 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 26 пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар тұрақты тұруға рұқсат берілген 21 шетел азаматының рұқсатының күші жойылды. Тіркелген мекенжайында нақты тұрмайтын 97 тұлға тіркеу есебінен шығарылды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жалған тіркеуге жол бермеуге шақырады.