Түркістан облысының қолөнер шеберлеріне құрмет көрсетілді

550

Көктемнің алғашқы күні Түркістанда «Ұлттық қолөнер — Ұлы мұра» атты қолөнер шеберлерінің фестивалі өткен болатын. Мерекелік шара барысында  түрлі  номинацияда шеберлік көрсеткен жерлестеріміз марапатталды.

Солардың бірі Түлкібас ауданындағы Шақпақ ауылының тұрғыны  Пернекүл Қырғызәлиева «Кесте тігу» өнері бойынша  шеберлігімен әділ қазылар алқасын тәнті етіп, 2 орынды  жеңіп алды.

Пернекүл Қырғызәлиева, кесте тігудің шебері

Марапат иесіне 150 000 теңге-сертификаты табыс  етілді.

Пернекүл апа кесте тігуді жеңгесі мен әжесінен үйренген. Былтыр  шебер текемет басып, көрмеге  қатысқан екен. «Мақсатымыз — ұмыт  болып бара жатқан  халқымыздың қолөнерін жаңғырту. Тоқымамен де айналысудамын. 4 шәкіртім бар, соларға бар білгенімді үйретудемін. Жастардың ынтасы, қызығушылығы жоғары»,- дейді ақ жаулықты ана.

Фестивальдің қорытындысы бойынша  жеңімпаздар марапатталды.

Жеңімпаздар марапатталды

Олардың құрметіне  өңіріміздің  танымал шығармашылық ұжымдары  ән салып, би биледі.

Шынар Оразова