Қарағанды әуе айлағында ұшақ апатқа ұшырады: 2 адам қаза тапты

210
фото tengrinews.kz

Қарағанды әуе айлағында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Ведомствоның алдын ала мәліметінше, екі адам қаза тапты

«Бүгін сағат 16.25-те жаттығу ұшуды орындау және қонуға кіру кезінде Балапан (Қарағанды) әуе айлағында FK14 Полярис жеңіл авиацияның әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж – 2 адам қаза тапты. Осы авиациялық оқиға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тексеруді бастайды», – делінген ААК telegram-каналында