Үйде тұрған көлікті ұрлап кеткен күдікті ұсталды

263

Отырар ауданы тұрғынының көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жеті қараңғы түнде үй маңындағы автотұрақтан «Опель » автокөлігін қолды еткен. Бұл туралы жәбірленуші Отырар аудандық полиция бөліміне шағымданған.

Аталған жайт полиция бөліміне 200-бап «Автокөлікті заңсыз иелену және басқаның көлік құралын заңсыз пайдалану» дерегі бойынша тіркеліп, жедел тергеу тобын құрған. Тәртіп сақшылары ізін суытпай ұрланған автокөлікті Түркістан бағытындағы жолда байқап қалған. Нәтижесінде, полицейлер ұрланған көлік бойынша күдіктілерді Кентау қаласына дейін бақылау барысында қол жеткізді. Қылмысын толық мойындаған күдікті Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

«Тергеу барысында ұсталған күдікті осындай машина ұстау дерегі бойынша 5 қылмысқа қатыстылығы айқындалды, ол ұрланған көлікті қосалқы бөлшекке айналдырып отырған. Жәбірленушілерге бірнеше миллион теңге шығын алып келді. Қазіргі кезде аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабы «Автокөлікті заңсыз иелену және басқаның көлік құралын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды. Бұлтартпас заттық айғақтар алыну арқылы ұрланған автокөлікті полицейлер заңды иесіне қайтарылды «- деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.