Кәріз жүйесіне құлаған 2 жасар сәби аман қалды

131

 

Түркістан облысының дәрігерлері кәріз жүйесіне құлаған баланың өмірін аман алып қалды. Медицина қызметкерлері кәріз жүйесіне құлап кеткен баланы Жетісай аудандық орталық ауруханасына ауыр жағдайда жеткізген.
2 жасар Бақытбек Сабыржанның өмірін аман алып қалу үшін ақхалаттылар бірнеше сағат бойы арпалысқан. Шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген сәбиге реаниматолог дәрігері Нұрсұлтан Шойбеков пен балалар бөлімінің меңгерушісі Зульфия Кешубаева көмек көрсеткен. Кәріздің лас суына тұншыққан сәби 12 сағаттан астам уақыт жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Екі жасар балғынның ата – анасының дәрігерлерге деген алғысы шексіз. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Тиісті ем – дом алуда.

Жанар Есенбекова