Үкімет мүшелері Түркістанда болып, халықпен кездесті

228

«Әлеуметтік көмектен ешкім қағылмайды».  ҚР премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Түркістанға келген сапарында осылай дейі.

Үкімет мүшелері Түркістанда

Үкімет мүшелері жиналғандарды әлеуметтік қолдау шараларымен жіті таныстырып шықты. Сәуір айынан бастап бекітілген жәрдемақыны алу үшін азаматтардан құжат қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр,- дейді ведомство басшысы.

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі:»1-ші  сәуірге дейін құжаттарымызды  тапсырмасақ, атаулы әлеуметтік көмек ала алмаймыз» деген – бос  сөз. Табысына қарай әрбір отбасы өзіне тиесілі жәрдемақыны алады. Азаматтарға қолайлы болсын деген мақсатпен енді атаулы  әлеуметтік көмекті  көп құжаттар жинамай-ақ, жеке куәлікпен ала алады».

Түркістанда өткен жиыннан көрініс

Залға жиналғандардың басым бөлігі – педагогтар. Осыны ескерген Білім және ғылым министрі салаға қатысты өзгерістерді тізіп шықты. Еліміздің бас ұстазы ең басты мақсат -білім сапасын жақсартып, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру екенін қадап айтты. Баланы тәрбиелеуде ата-аналар мен қоғамның жауапкершілігі күшейтілмек.

Үкімет басшылары халықпен кездесті

Жергілікті халыққа көпбалалы, аз қамтылған отбасыларын қолдау шараларымен қоса бюджеттік қызметкерлерді баспанамен қамтуды көздейтін мемлекеттік бағдарламалар да етене түсіндірілді. Осылайша түркістандықтар көкейдегі сауалдарына тікелей министрлерден жауап алды.Бұдан кейін үкімет мүшелерінен жасақталған делегация Түркістандағы жұмыспен қамту орталығында болды. Көпбалалы отбасының жағдайымен танысуға да уақыт тапты. Аймаққа арнайы келген атқамінерлер халық көтерген мәселелерді қадағалауға аламыз деп уәде етті.