Шымкент тұрғыны Киев әуежайында қыз баланы құтқарғаны үшін марапатталды

152

Бейбіт күннің батырлары. Өзгенің өмірін құтқарып қалған қаһармандар қаперден тыс қалмауы тиіс. Жуырда Киев әуежайында қыз баланы құтқарған Ұлттық гвардия сарбазы марапатталды. Ұлттық гвардия 6506 әскери бөлімінің командирі Қайрат Үмбетов «Оңтүстік» өңірлік басқарудың Ардагерлер кеңесінің атынан сержант Алексей Кудиенкоға «Бауыржан Момышұлы Батыр шапағаты» медалін табыстады.

Оны марапаттау кезінде Қайрат Үмбетов Алексейдің шын мәнінде ерлік танытып, дереу әрекет етуіне байланысты өзгенің өмірін аман алып қалғанын атап өтті.

«Еңбек демалысында жүрген сержант Кудиенко ерлік жасады. Біз онымен мақтанамыз. Соны мысал етіп, болашақ жауынгерлерді тәрбиелейтін боламыз», – деді Үмбетов.

Айта кетейік, қазақстандық азамат Киев әуежайында тамағына белгісіз зат тұрып қалған кішкентай қыздың өмірін аман алып қалды. Сонымен қатар, ол ұшақта отырып, есінен танып қалған қызға көмектесіп, ес жиғызды.  Сержант Алексей Кудиенко 2006 жылдан бері Ұлттық гвардияда қызмет етіп келеді.

QAINAR KÓZҚазақстан Ұлттық гвардия баспасөз қызметі