Шымкенттің бас дәрігері тағайындалды

199

Шымкентте денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды. Қаланың денсаулық сақтау басқармасын енді Байдуалиев Асхан Мархабайұлы басқаратын болды.

Асхан Байдуалиев 2015-2017 жылдары Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ, Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасында және Қарасай аудандық орталық ауруханасында директор болып қызмет атқарған. Негізгі мамандағы дәрігер-уролог.