Шымкенттің бас дәрігері: «Емхана салу-қадамдық қолжетімділікті арттырады»

32

Шымкентте 200 төсек-орындық перзентхана салынады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәслихаттың 18-ші сессиясында мәлімдеді. Сөзінше, ол республикалық бюдже арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қадамдық қолжетімділік жасау үшін бірнеше емхана ашу жоспарда бар. Өйткені қазір қаладан шалғай орналасқан елдімекендерде емханасы мәселесі бар. Бірақ негізгі өсім осы қаладан шет орналасқан аумақтарда дейді басқарма басшысы.

«Қазір Шымкентте жұмыс істеп жатқан 44 емхана норматив желісіне байланысты 30 мың болу керек. Ал бізде 25 мың. Бірақ халық көп шоғырланып, өсім болып жатқан елдімекендерде қадамдық қолжетімділік аз болғаннан кейін біз емхана салу ісін қолға алып отырмыз. Жалпы 2025 жылға дейін Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудандарында 6 емхана ашылады деген жоспар бар»,-дейді Нұрлыбек Асылбеков.

Сонымен қатар, басқарма басшысы халықтың өмір сүруіне әсер ететін 4 көрсеткішті атады. Олар жалпы өлім көрсеткіші, қан айналымы, қатерлі ісіктер және короновирус. Қазіргі таңда ақ халаттылардың дер кезінде көмек көрсетіп, профилактикалық жұмыстарды атқарғанының нәтижесінде бұл көрсеткіштердің барлығында төмендеу байқалады. Сонымен қатар жаңа әрі жоғары дәрежелі технологиялардың да әсері бар. Мәселен, қалада жыл басынан бері 661 науқасқа жоғары технологиялық қызметтер көрсетілген.

Нұрлыбек Асылбеков, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
«Жалпы ауруды ерте кезден бастап анықтау және оған тиісті ем-дом жасау арқылы қауіпті індетердің алдын алуға болады. Осы мақсатта біз қалада балалар педиатрын көбейтіп, емханада ересектерден бөлек қарайтындай етіп жағдай жасап жатырмыз. Мәселен, қазірдің өзінде мегаполистегі №4 емханада балаларды бөлек ғимаратта тексерістен өткізіп, қажетті емдерін жасап жатыр. Алдағы уақытта осы мәселені толық шешу жоспарда бар».

Шымкенттің бас дәрігері Мемлекет басшысы ұлт саулығын жақсарту мақсатында берген тапсырмасы аясында бұл саланы дамытуды одан әрі жалғастырамыз деді. Әрі медицина қызметкерлері көрсететін қызмет сапасын арттыру да басты мақсат екенін тілге тиек етті.