Ауыл шаруашылығымен айналысатын қалалықтар үшін мемлекет қаржылай көмек көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласының ауыл шаруашылық басқармасы кәсіпкерлік және егін шаруасымен айналысуға ниет білдірген азаматтардың өтінішін қабылдауға дайын.
Бұл туралы салаға жауаптылар кооператив өкілдері мен қала тұрғындарының қатысуымен өткен семинарда түсіндіріп берді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, іскер азаматтар үшін агро-индустриалды аймақтан тегін жер беріліп, шаруашылыққа кеткен шығынның 25 пайызын үкімет өтеп бермек. Сондай-ақ, шеберлік сабағында ауыл шаруашылық басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік саласындағы өзге де жеңілдіктер туралы айтып берді.
Абунасыр Жанбатыров, Шымкент қаласының ауыл шаруашылық басқармасының инвестиция тарту бөлімінің басшысы: «Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалуда. Мүмкіндік мол. Сондықтан да мемлекет тарапынан жасалып жатқан жатқан мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз».
Лаура Нақыпқызы