Тәртіп сақшылары көше сыпырды

270

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы жаппай сенбілікке шықты.Тәртіп сақшылары Департаменттің ауласын тазартып, мекемеге қарасты сыртқы аулаларды түгелдей реттеп шықты. Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара.

Полицейлердің бұл бастамасын табиғаттың өзі қолдады. Апта бойы созылған суық жаңбырлы күндерден соң, бұл күн шуақты жылы ауа-райымен қуантты. Тазалық жұмыстарын жүргізу Шымкент полицейлерінің назарынан тыс қалған емес. Бүгін бұл үрдісті №4 балалар үйінен бастау алып отыр. Қыздар жуып-шаю, әктеу, тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер сыпыру, ағаштың түбін қопсыту, гүл отырғызатын орындарды әзірлеу сынды бірлескен жұмыстарды бір кісідей атқарды. Балалар үйінің ауласы мен іші-сыртын тазалаған полицейлер сауапты іс атқарды.

Сондай-ақ, Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау аудандық Полиция басқармаларының және Шымкент қаласы Полиция департаментінің Емхана қызметкерлері өздеріне қарасты аумаққа сенбілік өткізді.

Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкент қаласының ажары оның тазалығына да тікелей байланысты. Полиция тарапынан бастау алған игі бастама өз жалғасын табатынына сенімдіміз.