Бүгін ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған шараға аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиев бастаған 600 мемлекеттік және бюджетті мекеме қызметкерлері, еріктілер мен аудан тұрғындары белсене атсалысты.
Сенбілік барысында барлығы 25 тоннадан астам қоқыстар шығарылып тиісті орынға тасмалданды, қосқыстар мен арықтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды, құрғаған ағаштар алынып тасталды, сонымен қатар Шаян елді мекеніне кіреберіс жеріндегі шатқалға тал көшеттері егілді.
Мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға және халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.







