Тассайдағы тұрғын үйдің іргетасынан су құбыры жүргізілуде

497

«Ары жүрсем орға түсем, бері жүрсем лайға батамын». Тассай шағынауданының тұрғындары соңғы 2 жылдан бері жол азабын тартып жүр. Енді олардың уайымына үйінің іргесінен тартылып жатқан су құбыры қосылды. Осылайша олар өз үйіне кіріп шығудан қалды. Тұрғындардың жағдайымен арнаның түсірілім тобы танысып қайтты.

Бұл көшенің тұрғындары Жаратқаннан жаңбыр жаумаса деп тілейді. Себебі, сәл себелеген судан жүретін жолы батпаққа айналады. Бұл жағдайдың туындауына аталмыш жолдың кеңейтілуі себеп болып отыр.

Тассайдағы Тауке хан көшесінің жалпы ұзындығы 3 шақырым. Оң жақ және сол жақтаңы үйлерді қосқанда 600 тұрғын үй бар. Инфрақұрылым жүргізіліп жатыр.

Ал осы көшедегі №151-ші үйдің жағдайы «жығылғанға жұдырықтың» кері . Бұл баспананың дәл іргесінен су құбыры тартылып жатыр. Шаңырағына алаңдаған қария, санитарлық талаптардың сақталмауынан үйсіз қаламын ба деп қорқады. Әкімдіктегілер көшенің жағдайымен етене таныс. Ал, мына үй бойынша арнайы тексеріс жүргізетіндерін жеткізді.

Абай Тұрхан, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: «123 үйдің жері мемлекеттік мұқтаждығына қайтарылды. Ақшалары төленуде. Енді су, газ, свет тартылады. Заңсыздыққа жол берілмейді. Өзім тексеремін. Егер мердігер тарапынан қателік болса үйді «сносқа» жібереміз, компенсация төлеп береміз».

Мамандар қазан айында жөндеу жұмыстары бітеді деп отыр. Оған дейін 6 ай бар. Дегенмен таңқалатын бір жайт құзырлылардың осыншама жылдан бері тұрғындардың жүріп-тұруына шағал тас төсемегені несі?

Айжан Ермекқызы