ТО полиция департаменті өгей анасынан қорлық көрген қыздар туралы фото-видео жүктегендерге ескерту жариялады

295

Жетісай ауданында орын алған кәмелет жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қыздың дене жарақаты бойынша видео кең тарауда.

Осы орайда Түркістан облысы полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырау фото-видеосын әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жариялау ҚР Қылмыстық Кодексiнің 147-бабының 5-тармағына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға соқтыратындығын ескертеді.

Жариялаған барлық азаматтарға өшіру және таратпау керектігін назарларыңызға жеткізеді. Аталған оқиға бойынша полиция департаментімен тергеп тексеру амалдары басталды және заңды бұза отырып таратушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.