Украинадағы сайлау: Владимир Зеленский көш бастап тұр

83
фото inform.kz

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың екінші турындағы электронды хаттамалардың 52,03 пайызын өңдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Мәліметтерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың  24,61% жақтаған.  Жарамсыз болып қалған бюллеттендер 2,33%. Еске салсақ, Украинаның кезекті президенттік сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өткендігі туралы жазған болатынбыз.