Жас мамандар үздік мектепте тәжірибеден өтеді

152

Үздік педагогтар М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де бас қосты. «Замануи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» атты II Халықаралық форум ұстаздардың жаңа идеяларын талқыға салуға мүмкіндік берді.

Ортаға салынған ой көп. Соның ішінде көпшілік тарапынан қолдау тапқаны: М.Әуезов университитетінің педагогикалық мамандығында оқитын студенттер бұдан былайғы уақытта Назарбаев зияткерлік мектебіне барып тәжірибе жинайды. Бұл бастама сапалы кадр даярлап шығаруда өзіндік жемісін береді.

Меруерт Ахан