Түркістан облысы Жетісай ауданының құзырлы органдарында әлеуметтік желілерде кеңінен толқу тудырған, өгей анасының балаларына ауыр дене жарақатын салған оқиғасы айқындалды.
Қазіргі кезде, күдікті әйел ҚР ҚК-нің екі бабымен жауапқа тартылуда, яғни 110- бабы «Қинау» және 140-бабы «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау». Қыздардың әкесі деструктивті діни ағымының ұстанушысы. Бұл қылмыстық іс ҚР ІІМ-нің және облыс прокурорының бақылауына алынған.
Естеріңізге сала кетсек, Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген 3 апалы-сіңлілі қыздар туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Жұртты дүрліктірген мәселенің мән-жайын анықтау үшін Түркістан облысында арнайы комиссия құрылған. Бұл іс қазір еліміздің Ішкі істер министрі мен облыс прокурорының жіті назарында.