Атақты неміс бренді «DIGEL» Шымкент қаласында

455

«Изуми» дүкендер желісінде Германиядан әкелінген ерлер киімінің жаңа павильоны ашылды. Ол жерде атақты неміс бренді «DIGEL» Шымкент қаласына сәнді ерлер киімінің жаңа топтамасы ұсынылған.

«Изуми» компаниясы халықаралық нарықтағы өрісін кеңейтіп келеді. Шымкентте ірі сауда желісінде неміс өндірушілері ұсынған ерлер киімінің павильоны ашылды. Бұл жалпы киім тігуге, оның пішім мен ерлер стиліне деген мүлдем жаңа көзқарас.

Ирина Бычкова, «Изуми» сауда желісінің қаржы директоры: «Германиялық тауарларды біз бірінші рет әкелдік. Бұған дейін итальяндық және түрік маркалары болған. Бұл екі елдің де өнімдері танымал. Десе де, Германияның сәні мен киіну мәдениетінің жоғары екеніне ешкімнің таласы жоқ. Сапасы да әлдеқайда мықты».

DIGEL компаниясының нарықта жүргеніне – 80 жыл. Сапалы, стильді және жайлы ерлер киімін ұсынатын дүкен Еуропа мен ТМД елдерінде жоғары сұранысқа ие. Әйгілі брендтің өніміне енді шымкенттіктер де өз бағасын бере алады.

Максим Платонов, «DIGEL» компаниясының менеджері: «Біздің компания ерлер киімін сатуда ең үздіктердің қатарында. Біз сатып алушы үшін «тотал лук» коллекциясын ұсынамыз. «DIGEL» – баға, сапа жағынан қолайлы. Егер кез – келген ер адам біздің киімді кисе, ол сәнді әрі стильді көрінеді».

Алишер Шарипов – «Изуми»-дің тұрақты тұтынушысы. Ол «неміс өнімдерінің сапасына бүкіл әлем сенеді», – дейді. Шымкентте ашылған павильон – оған жүз пайыз дәлел.

Алишер Шарипов, сатып алушы: «Шынымды айтсам, бұндай маркадағы киімді алғаш рет алып отырмын. Бірақ сапасын көріп, көңіліп толып отыр».

Гардеробыңызды жаңарту үшін Бәйдібек би даңғылы, 53 үй мекен-жайында орналасқан «Изуми» сауда орталығына келіңіз! Германиялық тауарды алуға асыңыңыз!