Қазығұрт ауданында табиғи газ беріле бастады

647

Қазығұрт ауданындағы көгілдір отынсыз қалған 23 елдімекенге кезеңімен табиғи газ беріле бастады деп хабарлайды әкімдіктегілер.

 

Бақберген Құралбаев

Бақберген Құралбаев, Қазығұрт ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы: «1-ші мамырдан бастап газ шаруашылығының мамандары жер астындағы газ құбырында сынақ жүргізіп, жүйеден ауа шығарды. Мамырдың 2-нен таңертеңнен бастап көгілдір отынмен толтыру жұмыстары басталды. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында толық тексеріс аяқталған тұста табиғи газ біртіндеп беріле бастады».

Естеріңізге сала кетейік, 28-ші сәуірде  Қазығұрт ауданындағы  жер асты газ құбырында ақау орын алған болатын. Жұмысшы ауылында жер астындағы газ құбырынан газ шығып жатқаны жайлы хабар  жексенбі күні күні сағат 15.35-те  диспетчерлік қызметке түскен.

Апаттың салдарынан  Қазығұрт ауданындағы 23 елдімекен көгілдір отынсыз қалған болатын. Себеп, Жұмысшы ауылында су жинақтайтын нысанға электр жарығын тартпақ мердігер компания қазу жұмыстары барысында газ тарататын магистралды құбырды зақымдаған. Келтірілген  шығынды құбырды зақымдаған мердігер компания  төлейтін болды.

Нұрдәулет Тойшыбайұлы

Шығындар мерідгер компаниямен өтелетіні жайлы кепілдік хат газ шаруашылығы басшылығына    Қазығұрт ауданы әкімдігі тарапынан  да жіберілді.

Шынар Оразова