Бір уыс дәрі ішіп қойған бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды

309

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 3 жасар бүлдіршін «Анаферон» таблеткаларын ішіп қойған. Мұны байқаған ата-анасы жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Жедел жәрдем қызметкерлері мен учаскелік дәрігердің дер кезінде көрсетілген көмегінің арқасында бір уыс дәрі ішіп қойған сәби дін аман қалды.

Учаскелік дәрігер мен жедел жәрдем қызметі дәрі ішіп қойған үш жасар Әлайдар Айшабибінің үйіне шұғыл жетіп, балақайға кәсіби медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Ордабасы ауданының кішкентай науқастың асқазаны жуылып, дәрігер бақылауына алынды. Қазір бүлдіршіннің жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер.

Жанар Есенбекова