Бірлік күні аталып өтті

352

Сарыағаш ауданының Орталық саябағында «1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық сот төрағасы Тасполат Машрапов қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, этно-мәдени бірлестіктердің белсенді мүшелерін этностар арасында бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосқаны үшін «Алғыс хатпен» марапаттады.

Салтанатты шараға ерекше ұлттық қол өнер бұйымдарынан көрме қойылып, этно-мәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертіне ұласты.