Úı ANONS Сарыағаштағы шипагерге үміт артқандар көп

Сарыағаштағы шипагерге үміт артқандар көп

Сарыағашта арбаға таңылған науқастардың аяққа тұруына септесіп, дертке шипа іздегендердің үмітін жаққан шипагер тұрады. Нұрдәулет Жұмаділлаевтың ерекше емдеу тәсілі көптің назарын аударған. Сондықтан еліміздің әр өңірінен іздеп келетіндер бар.

 

Қолының ерекше энергиясы бар сарыағаштық шипагердің мыңдарға пайдасы тиіп жүр. Мәселен Ермек Тойшиев екі аяғын баса алмай қалған. Омыртқа жарығы мен суық тиюдің асқынуынан төсек тартып қалған ол, заманауи медицинаның көмегіне де жүгініпті.

 

ЕРМЕК ТОЙШИЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Арбамен келгенмін ғой. 50 күннің 20 күнінде балдақ ұстадым. Содан кейін 50 күнде өз аяғыммен шығып кеттім. Базарда жүре бергенбіз ғой ауыр көтеріп. Суық аяқтан өтті. Ауыр көтеріп грыжа бірден ұстап, содан жүре алмай қалдым. Ауруханаға да көріндім. Олар білмеді».

 

Емшінің алдына тек тірек-қимыл аппараты бұзылғандар ғана емес, түрлі ішкі ағза дертіне шалдыққандар да келеді. Лола Садықова қалқанша безі мен жүрек ауруының зардабын алты ай бойы тартқан. Үнемі қысылып, тынысы тарылған науқас бірнеше курстан кейін беті бері қарағанын айтады.

 

ЛОЛА САДЫҚОВА, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Эндокринологке бардым, кардиологқа қаралдым. Кардиолог айтты сізде аритмия, тахикардия  деп. Ұйықтай алмай жүрдім. Түнде, кешке белгілі уақытқа дейін. Әлім кеткенге дейін жүре беретінмін.  Түнгі 3-те қорқып оянып кететін едім. Үйге кіре алмаймын немесе үйден шыға алмаймын. Қатты қысылып қалдым. 25 күн болды емделіп жатқаныма. Сол күндері, 3 күні дей берейік сол күннен бастап жақсы бола бастадым».

 

Нұрдәулет Жұмаділлаев бұл саламен 2008 жылдан бері айналысып келеді. Ол – Қазақстан халық емшілері қауымдастығының мүшесі. Шипагердің айтуынша, оны іздеп еліміздің түпкір-түпкірінен келетіндер бар. Сондықтан ол алдына келген әрбір науқастың медициналық тарихына үңіліп, ем тағайындауға тырысады.

 

НҰРДАУЛЕТ ЖҰМАДІЛЛАЕВ, ШИПАГЕР: «5 жыл алдын жатыр қатерлі ісігімен келді. Өте ауыр халде келді.  3 курстан кейін бірінші Алла сонсоң мен себепші болып, осыннан жақсы болып кетті. Одан кейін 2018 жылы буын ауруымен бір ағам келді жүре алмай. Ол да емделді. 45 күннен 3 курс ем алды. Ол да осы жерден сауығып кетті».

 

Қазіргі таңда шипагер алыс өңірлерден келетін науқастар үшін арнайы жатын орындар дайындап қойған. Тіпті, төсек тартып жатқан науқастар да осында қона жатып, толық ем алуына жағдай жасалған. Ал шипагерді іздеген азаматтар оны, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, Дулат көшесі №54 үйден таба алады.

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, Дулат көшесі №54

лицензия №004531DM 09.12.2004 жылғы ҚР ДСМ берілген