Úı ANONS Жаңа жылдық шыршаны көлігімен қағып, құлатқан жүргізуші құрықталды

Жаңа жылдық шыршаны көлігімен қағып, құлатқан жүргізуші құрықталды

фото әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіде жаңа жылдық шыршаны көлігімен қағып, құлатқан видео лезде таралып кетті. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Б.Исмаило в көшесінде орын алған. Аталған жәйтке қатысты Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 
«Сарыағаш қаласының орталық алаңында орнатылған жаңа жылдық шыршаның бүліну дерегі бойынша аудандық полиция басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып, құқық бұзушылыққа қатысы бар автокөлік табылып, арнайы айып тұрағына жеткізілді. Кінәлі тұлғаларға қатысты шара қолдану мәселесі құзырлы органдардың құзырында. Сарыағаш қаласы әкімдігі аппаратына қарасты «Таза қала» КММ тарапынан жаңа жылдық шыршаны қайта орнату жұмыстары жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстары бір тәуліктен бері жалғасуда. Шырша Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар қарсаңында орнатылған, барлық жоспарланған мерекелік шаралар белгіленген уақытта өтеді.
Осыған байланысты азаматтарды расталмаған ақпарат таратпауға, түрлі болжамдар мен ойдан шығарылған пікірлерге жол бермеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамыз. Қазіргі таңда шырша қалпына келтірілуде, ал қалған құқықтық мәселелер құзырлы органдардың қарауында», — делінген жазбада.